Филиалдың сынақ орталығы мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес өнімге сынақ жүргізуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген:
Машиналар, жабдықтар және механизмдер
- автокөлік құралдары;
- жүк көтергіш механизмдер мен құрылғылар (автокрандар, көпірлі крандар, шөміштер, грейферлер, шығырлар, автотиегіштер);
- ауыл шаруашылығы техникасы (дақылдардың Жемістерін жинауға және тазалауға арналған машиналар, пішен шапқыштар, көгал шапқыштар, дөңгелекті, шынжыр табанды тракторлар және тіркемелер).
Минералды өнімдер
- минералды шикізат және минералды шикізат өнімдері (тау жыныстары, марганец, кварц, алюминий, хром кендері және концентраттар – радионуклидтерді анықтау).
Тамақ өнімдері
- тамақ өнімдері;
- ауыл шаруашылығы өнімдері;
- ауыз су.
Пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар
- пластикалық құбырлар, полиэтилен құбырлары және т.б.
Ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдері
- жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдері.
Металлургия өнімі
- металл өнімдері (әртүрлі диаметрлі құбырлар, темірден жасалған жартылай фабрикаттар, болттар, түйреуіш гайкалар, мойынтіректер);
- санитариялық-техникалық мақсаттағы өнім (ванналар, болат, эмальданған жуғыштар және т.б.);
- резервуарлар, құбырлар, прокат (бұзбайтын бақылау);
- құбырлар, өнеркәсіптік құбыр арматурасы, ысырмалар.
Халық тұтынатын тауарлар
- ойыншықтар;
- жеңіл өнеркәсіп;
- парфюмерлік-косметикалық өнімдер және тұрмыстық химия тауарлары;
- ыдыс-аяқ, пленка, қағаз және т.б.;
- санитарлық-гигиеналық мақсаттағы құралдар;
- жеке қорғану құралдары;
- буып-түю ыдысы (бөтелкелер, шыны банкалар, жәшіктер, ағаш, қағаз қораптар) және басқа да халық тұтынатын тауарлар.
Тыңайтқыштар
- тыңайтқыштар, тұқым дәрілері (радионуклидтерді анықтау).
Филиалдың сынақ орталығының мамандары тамақ, құрылыс және басқа да өнеркәсіп өнімдеріне кәсіби және жедел өндірістік бақылауды жүзеге асырады.